Грузияның Орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлауда биліктегі «Грузин арманы» партиясының жеңіске жеткенін хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, ресейшіл партия 54,08 пайыз дауыс жинаған. ОСК төрағасы Георгий Каландаришвилидің айтуынша, 3111 сайлау учаскесінің 3100 сайлау учаскесінің бюллетеньдері өңделді, қалғаны «шетелде орналасқан, ақпарат түскен кезде жаңартылатын болады».