Грузияда «шетел агенттері» туралы заң күшіне енді. «Шетелдік әсердің ашықтығы» туралы даулы ереже 1 тамыздан бастап күшіне енді. Ол кірісінің 20 пайызын шетелден алатын ҮЕҰ мен БАҚ-ты мемлекеттік тізілімге тіркеліп, қаржысы туралы жыл сайын Әділет министрлігіне есеп беруге міндеттейді. Әйтпесе, оларға 25 мың лари (шамамен 8,5 мың еуро) көлемінде айыппұл салынады.