Грузиядағы президент сайлауы жаңа жүйе бойынша 14 желтоқсанда өтеді. Бұл шешімді биліктегі «Грузин арманы» партиясының мүшелері жиналыста 80 дауыспен мақұлдады, деп хабарлайды «Эхо Кавказа». Қазіргі мемлекет басшысы Саломе Зурабишвилидің президенттік мерзімі 16 желтоқсанда аяқталады.