27 маусымда грузиндер футболдан ұлттық құраманың Еуро-2024 1/8 финалына шығуын тойлауды жалғастырды.Ал ел парламенті «Отбасы құндылықтары және кәмелетке толмағандарды қорғау туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Азаматтық қоғам оны гомофобиялық және трансфобиялық деп санайды. Венеция комиссиясы да бұл заң жобасының баптары Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенцияға қайшы келеді деп есептейді.