Швейцария прокурорлары жеке Lombard Odier банкі мен оның бұрынғы қызметкерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатты деп айыптады. Олар Өзбекстанның экс-президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримованың қылмыстық әрекеттерін жасыруға көмектесуде «шешуші рөл» атқарғанын атап өтті. Бұл айыпты Швейцарияның федералды прокуроры алға тартты. Жұма күні жарияланған айыптау қорытындысында прокурорлар елдегі ең танымал қаржы институттарының бірі Lombard Odier-дің Гүлнара Каримованың жылдар бойы қылмыстық әрекеттерін жасыруға көмектесуде маңызды рөл атқарғанын айтты.