ХОК Олимпиаданың ашылуында Оңтүстік Кореяны Солтүстік Корея ретінде көрсеткені үшін кешірім сұрады. «Біз ашылу салтанатында Оңтүстік Корея делегациясын таныстыру кезінде орын алған қателік үшін барынша кешірім сұраймыз», - делінген Халықаралық Олимпиада комитетінің әлеуметтік желідегі аккаунтында корей тілінде. Оңтүстік кореялық спортшылар мінген қайық Сена бойымен жүзіп бара жатқанда, дикторлар француз және ағылшын тілдерінде бұл Корея Халық Демократиялық Республикасының (КХДР) делегациясы екенін хабарлады. Оңтүстік Кореяның ресми атауы - Корея Республикасы.