ХОК Ресей Федерациясы мен Беларусь спортшыларына 2024 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысуға рұқсат бермеді. Бейтарап спортшылар ашылу салтанаты кезіндегі делегациялар шеруіне қатыса алмайды, өйткені олар жеке спортшылар, делінген ХОК мәлімдемесінде. Дегенмен спортшылар бұл шараға көрермен ретінде қатыса алады.