Иран 5 тамызда Израильге соққы беруі мүмкін. Америкалық Axios басылымы АҚШ пен Израиль шенеуніктерінің аты аталмаған дереккөзіне сілтеме жасай отырып, Иранның Израильге қарсы ықтимал шабуылы бұрынғысынан да ауқымды болуы мүмкін, өйткені Тегеранға Ливандағы радикалды шииттік «Хезболла» қозғалысы да қатысады дейді.