Израиль шабуылына байланысты әуе кеңістігін жапқан Иран әуе рейстерін қайта жандандырды. Ел бойынша тоқтатылған әуе рейстері 26 қазан күні сағат 9:00-де қайта басталды. Иранның Сыртқы істер министрлігі БҰҰ Жарғысына сәйкес Тегеранның шетелдік агрессиялық әрекеттерден өз елін қорғауға құқығы мен міндеті бар екенін мәлімдед.