Иран үкіметі қолдайтын APT42 хакерлер тобы АҚШ сайлауына қатысты аккаунттарға фишинг шабуыл жасауды жалғастыруда.Сондай-ақ Израильдегі нысандарға қатысты, дейді Google-дың қауіп барлау тобы. Айтуынша, APT42 Ислам революциясы Сақшылар корпусымен (IRGC) байланысты. Мамыр және маусым айларында APT42 кибершабуылдары АҚШ президенті Джо Байденмен және бұрынғы мемлекет басшысы Дональд Трамппен байланысты он шақты адамның жеке электрондық пошта тіркелгілеріне бағытталған.