Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хоменеи елдің сот билігі басшысының ұсынысы бойынша 2 887 тұтқынға рақымшылық жасап, олардың жазасын қысқартуға келісті. Сот жүйесі басшысының орынбасары Садық Рахимидің айтуынша, кешірім жасалған және жеңілдетілген сотталғандардың 2745-і мемлекеттік және революциялық соттар, 11-і қарулы күштердің сот жүйесі және 131-і Иранның жазалар басқармасы тарапынан бас бостандығынан айырылған.