Иран өзінің ядролық бағдарламасы бойынша Франция, Германия және Ұлыбританиямен келіссөздер жүргізеді. Кездесу 29 қарашада төрт елдің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде өтеді, деп таратты Иранның ISNA мемлекеттік агенттігі. Бұған дейін жапондық "Киодо" агенттігі кездесудің Женевада өтетінін және оған үш еуропалық елдің дипломаттарынан бөлек, Еуроодақ өкілдері де қатысатынын хабарлаған.