Иранның сақшылар кеңесі маусым айының соңында өтетін кезектен тыс президент сайлауына қатысуға алты үміткерді мақұлдады. Кандидаттар тізімін мемлекеттік телеарнадан сайлауалды кампания өкілі Мохсен Эслами жариялады. Кеңес 20 кандидаттың ішінен алтауын таңдады.