Иранда көмір кен орнында болған жарылыстан көз жұмғандар саны 51 адамға жетті. Қайғылы оқиға Оңтүстік Хорасан провинциясындағы Табас қаласында кешкі сағат 9-да болды. Жергілікті ақпарат агенттігінің хабарлауынша, метан газы жарылған. Құтқару операциясы жалғасып жатыр. «Сондықтан құрбандар қатары әлі де өсуі мүмкін», – дейді билік өкілдері.