Испанияда әлемдегі ең кәрі әйел қайтыс болды. 117 жастағы Мария Бранас Морера «өзі қалағандай қайтыс болды: ұйықтап жатып, тыныш қана қиналмай кетті», - дейді оның отбасы. Бұған дейін отбасы әйелдің соңғы хабарламасын жариялаған: «Жыламаңдар, мен көз жасын ұнатпаймын, ең бастысы, мен қайда барсам да бақытты боламын".