Израиль шенеуніктері мен ЦАХАЛ ХАМАС көшбасшысының көзі жойылғаны туралы ақпаратты растады. ХАМАС көшбасшысы Яхья Синвар Газа секторындағы арнайы операция кезінде өлтірілді. Бұл туралы Израиль шенеуніктері мен ЦАХАЛ хабарлады. Израиль барлау агенттігінің хабарлауынша, топтың басшылары жасырынған жерде айқас болған. Бірақ Синвармен қақтығыс «кездейсоқ» болғаны айтылады.