Камчаткада магнитудасы 7,0 болатын жер сілкінісі болды. Цунами қаупі бар. Жерасты дүмпулері 18 тамызда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7 шамасында тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Тынық мұхитында, Петропавл-Камчатскийден оңтүстік-шығысқа қарай 108 шақырым жерде, шамамен 6 шақырым тереңдікте болды.