«Қазгидромет» РМК-сы еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Астанада 18 тамызда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ түсуі мүмкін. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.