Киев Иранды Ресейге зымыран бермеуге шақырды. АҚШ билігі қару-жарақ әлдеқашан тапсырылғанын айтты. 7 қыркүйекте Украина Сыртқы істер министрлігі Иранды Ресейге ешқандай жағдайда баллистикалық зымырандар бермеуге шақырды. «Екі жылдан астам уақыттан бері Украина мен украиндар күн сайын өлімге әкелетін қарудың барлық түрлерімен, атап айтқанда Иранда жасалған ұшқышсыз ұшақтармен ресейлік лаңкестік шабуылдардан зардап шегуде», - деді Украина министрлігі.