Украина Storm Shadow зымырандарын өз қалауы бойынша пайдалана алады, деді Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі. Вашингтондағы НАТО саммиті қарсаңында Кир Стармер Ұлыбританиядан жеткізілетін Storm Shadow-ді қалай пайдаланатынын шешуді Украинаға қалдыратынын айтты.