Курск облысынан келген босқындар Украинаның басып алынған жерлеріне орналастырылады. Үйін тастап кетуге мәжбүр болған Курск облысының шекаралас аудандарының тұрғындары Запорожье облысының басып алынған аумақтарына жіберіледі. Бұл туралы Курск облысы губернаторының міндетін атқарушы Алексей Смирнов мәлімдеді. Шешім оның Ресей тағайындаған Запорожье облысының «губернаторы» Евгений Балицкиймен сөйлескеннен кейін қабылданды.