Қытай билігі Қытай азаматтарына Ливаннан мүмкіндігінше тезірек кетуді ұсынады. «Соңғы уақытта Ливанда қауіпсіздік саласындағы күрделі әрі қиын жағдай үнемі байқалып келеді, Ливан-Израиль шекарасындағы шиеленіс әлі жалғасып жатыр. Жағдайды мұқият қадағалап, қауіпсіздік туралы хабардарлық деңгейін (қамтамасыз ету тұрғысынан) арттыру қажеттігін еске саламыз», - делінген таратылған мәлімдемеде.