Қытай Ресейден мұнай сатып алуды айтарлықтай қысқартты. Ресей Федерациясынан Қытайға жеткізілетін мұнай көлемі тәулігіне 1,76 миллион баррельге дейін төмендеді. Бұл 2022 жылдың қыркүйегінен бергі ең төменгі көрсеткіш. Ресейдің Қытайға мұнай импортының қысқаруы жылдың екінші тоқсанында басталып, кейін жеделдей түсті.