Ливан үкіметі «бейбіт тұрғындарға қарсы зорлық-зомбылық әрекеттерін» айыптады. Ливан «барлық майдандағы соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға» шақырды. Бұл мәлімдеме Израильдің бақылауындағы Мадждал Шамс ауылындағы футбол алаңына зымыран шабуылынан кемінде 10 адам қаза тапқаннан кейін жасалды. Израиль бұл шабуылды Ливанның «Хезболла» радикалдық тобына жүктеді.