Лондон мизогинияны экстремизммен теңестіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы экстремизмге қарсы күрестің мемлекеттік стратегиясын қайта қарауға бастамашы болған Ұлыбританияның Ішкі істер министрлігінің басшысы Иветт Купер мәлімдеді. Радикалды мизогиния – әйелдерге деген өшпенділік идеологиясы да экстремистік идеологиялардың бір түрі ретінде танылуы керек.