Мәскеу орталығындағы Wildberries кеңсесінің жанында атыс болып, бірнеше адам ұсталды. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігіне құқық қорғау органының өкілдері хабарлаған. «Қазіргі таңда бірнеше адам ұсталып, олардың барлығы Арбат аудандық ішкі істер милициясы бөліміне жеткізілді»,-деді агенттікке хабар таратқан адам. Wildberries-тің негізін қалаушы Татьяна Бкальчуктың сөзінше, бұл Владислав Бакальчук, Сергей Ануфриев және Владимир Бакиннің жетекшілігімен ұйымдастырылған сәтсіз рейдерлік басып алу әрекеті. Татьяна Бакальчук өзінің үндеуінде құқық қорғау органы қызметкерлерін жағдайды бақылауға алуды сұраған.