Meta "Россия сегодня" мен RT арналарына өз қолданбасын пайдалануға тыйым салды. «Мұқият қарастырғаннан кейін біз ресейлік мемлекеттік БАҚ-қа қарсы шараны кеңейттік», - делінген компанияның мәлімдемесінде, деп таратты Reuters. "Мета" ресейлік мемлекеттік БАҚ-қа корпорацияның қосымшаларын пайдалануға тыйым салу шешімі олардың «шетелдік араласумен байланысты қызметі» себеп болғанын айтты.