Михаил Саакашвили сайлау нәтижелері жарияланғаннан кейін наразылық шеруіне шақырды. «Қазір біз қалай алдандық деп басымызды күлге тығатын заман емес.Қазір үлкен наразылық уақыты келді.Біз әлемге азаттық үшін күресіп жатқанымызды, әділетсіздікке төзбейтін халық екенімізді көрсетуіміз керек. Бізде уақыт аз қалды!» - бұл жазба Грузияның экс-президентінің Facebook желісіндегі парақшасында пайда болды.