Молдова ЕО-ға кіру бойынша келіссөздерді бастады. Брюссель 25 маусымда Кишинев және Киевпен келіссөздер басталғанын растады. Молдова президенті Майя Санду өзінің Facebook парақшасында ЕО-мен елдің одаққа кіру мәселесін талқылауды бастау туралы жарлыққа қол қойғанын хабарлады. Ол Молдованың келіссөздер делегациясының басшысы етіп премьер-министрдің орынбасары Кристина Герасимованы тағайындады.