НАТО бас хатшысы Қытайды «Ресейдің Украинаға қарсы соғысының сыбайласы» деп атады. Марк Рютте Брюссельде Украина президенті Владимир Зеленскиймен бірлескен баспасөз мәслихатында «ҚХР екі жақты мақсаттағы тауарларды жеткізу арқылы санкцияларды айналып өтіп, Ресейдің әскери күш-жігерін қолдайды» деді.