НАТО елдері 2025 жылы Украинаға 40 миллиард еуро көлемінде көмек көрсетеді. Бұл туралы 9-11 шілде аралығында Вашингтонда өткен Солтүстік Атлантикалық альянс саммитінің декларациясында айтылған. Кездесуде, сондай-ақ, Дональд Трамп 2024 жылы қарашада АҚШ-тағы президенттік сайлауда жеңіске жеткен жағдайда да Украинаға көмек көрсетуге кепілдік беретін жоспар келісілді, деді НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг.