Нигер Украинамен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді. Батыс Африкадағы осы мемлекетті басқаратын әскери хунта Киевті «террорлық топтарға» қолдау көрсетеді деп айыптады, деп таратты «Франс Пресс». Нигер, сондай-ақ, Украинаның «агрессиясын» талқылау үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жүгінбек, деді үкімет өкілі полковник Амаду Абдраман.