Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Бангладештің уақытша үкіметін басқарады. 84 жастағы экономист Мұхаммед Юнусты тағайындау туралы шешім ел президенті мен Юнустың кандидатурасын талап еткен «Студенттер кемсітуге қарсы» наразылық қозғалысы жетекшілерінің кездесуінде қабылданды. Уақытша үкіметтің түпкілікті құрамы Бангладештегі саяси партиялармен кеңескеннен кейін анықталады, деп қосты президенттің баспасөз қызметі.