Норвегия бензинмен жүретін көліктерге қарағанда электромобильдер саны көп бірінші ел болды. Бұл туралы Норвегиялық қозғалыс ақпараты кеңесінің (OFV) баяндамасында айтылған. 2026 жылға қарай елде дизельдік көліктерден де көп электромобильдер пайда болады деген болжам бар. Бүгінгі таңда, OFV мәліметтері бойынша, Норвегияда тіркелген шамамен 2,87 миллион автокөліктің миллионға жуығы дизельді, 754 303-і электрлік, 753 905-і бензин. Тағы 364 388 автокөлік гибридті.