"Қыркүйек айы Ресей қарулы күштері үшін ең өлім-жітімі көп болатын ай болды". Бұл туралы басылымға АҚШ армиясының жоғары лауазымды өкілі нақты цифрларды келтірмей айтып берді. Америкалық және британдық сарапшылар ресейлік шығынды күніне орта есеппен 1200 адам деп есептейді, деп жазады NYT. Жалпы, америкалық есептеулер бойынша, Украинаға қарсы ауқымды соғыс басталғаннан бері Ресей 600 мыңнан астам әскери қызметкерінен айырылды, оның 115 мыңы қаза тапты.