Орбан Киев пен Мәскеуден кейін Қытайға келді . Венгрия премьер-министрі Бейжіңге Украинадағы соғысты дипломатиялық жолмен шешу үшін «бейбітшілік миссиясын жалғастыруға» келгенін айтты. Орбан өкілінің айтуынша, ол Бейжіңде Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізеді.