Париж Олимпиадасына қатысып жатқан угандалық спортшы қызды бұрынғы жігіті өртеп жіберген. Угандадан келген ұзақ қашықтыққа жүгіруші Ребекка Чептегей ауыр күйікпен ауруханаға түсті. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оны бұрынғы жігіті Диксон Ндиема өртеген.