Николай Дуров ағасымен бірге Францияда 2024 жылы 25 наурызда балалар порнографиясын сақтауға немесе таратуға қатысты ірі көлемдегі іс бойынша іздеуге жарияланды, деп жазады Politico. Бұл енді ғана белгілі болды. Басылым Францияның құқық қорғау органдарының құжатына сілтеме жасайды. Дуровтарды іздеу туралы ордер Telegram француз билігінің балалар порнографиясын жасады деген күдікке ілінген ер адамның жеке басы туралы сұрауына жауап бермеген соң шығарылды.