Польша Ресейдің зымырандық шабуылынан қираған Львовтағы үйлерді қалпына келтіруге көмектесуге дайын. «Львовқа көмек қажет! Ресей шабуылының нысанасы қала орталығы болды. Көптеген тарихи ғимараттар бүлінген. Польша оларды қалпына келтіруге көмектесуге дайын», - деп жазды Польша премьер-министрі Дональд Туск X әлеуметтік желісінде.