Полтавада қаза тапқандар саны 53 адамға жетті. Ресей армиясының 3 қыркүйекте Полтаваға жасаған зымыран соққысынан кейін жараланғандар саны 298 адамға жетті, деп хабарлады Украинаның мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметі. Үйіндіні жою жұмыстары жалғасуда; оның астында тағы бес адам болуы мүмкін. Қалада үш күндік қаралы күн жарияланды.