Прагада украиндық еріктілерге шабуыл жасаған орыстілді туристер ұсталды. Оқиға Ескі қала алаңында болған. Бірнеше жылдан бері ол жерде демалыс күндері еріктілер Украинаға көмектесу үшін ақша жинап, өтіп бара жатқандармен соғыс туралы әңгімелесетін Прага Майданының шарасы өтіп жатыр. Әлеуметтік желілерде бір топ орыстілді ерлер мен әйелдердің еріктілерге шабуыл жасағаны түсірілген видео тарады. Бір кезде видеодағы адам неміс тілінде орысша акцентпен неміс екенін айтады.