Путин алғаш рет Курск облысындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Үкімет мүшелерімен кездесуді бастамас бұрын ол украин әскерлерінің серпілісін «кең ауқымды арандатушылық» деп атады. Владимир Путиннің айтуынша, «Киев режимі» «әртүрлі қару түрлерінен, соның ішінде зымырандардан азаматтық ғимараттарға, тұрғын үйлерге және жедел жәрдем машиналарына бей-берекет оқ жаудыруда».