Путин Бесланға соңғы 15 жылда алғаш рет келді. Ресей Президенті аумағында 2004 жылы №1 мектепте теракт кезінде қаза тапқандар жерленген мемориалдық кешенге және мектепке барды. Владимир Путин кепілге алынғандар ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Путин Бесланға 2004 жылы 4 қыркүйекте лаңкестік әрекеттен кейін бірден келген. Сонымен қатар, Солтүстік Осетияның экс-көшбасшысы Таймураз Мамсуров журналист Юрий Дудтың фильміне берген сұхбатында Ресей президенті де 2008 жылы Бесланға теракт құрбандарының зиратына барғанын айтты.