Путин Грузия азаматтары үшін визасыз режимді кеңейтті. Енді визасыз кіру режимі еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында немесе Ресей Федерациясында уақытша болу үшін, оның ішінде білім алу үшін 90 күннен астам мерзімге Ресей Федерациясына келетін Грузия азаматтарына қолданылады. Бұған дейін Грузия азаматтарының бұл санаттары Ресейге визасыз кіруге немесе одан шығуға құқығы жоқ болатын. Владимир Путиннің тиісті жарлығы 10 қазанда құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланып, бірден күшіне енді.