Париж олимпиадасына 8,8 миллион билет сатылды. Рекордтық көрсеткіш туралы жаңалықты журналистерге Халықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит Макконнелл хабарлады. «8,8 миллионнан астам билет сатылды — бұл керемет сан, Франциядағы спорттық іс-шараның ең жоғары көрсеткіші», — деп түсіндірді ол.