Ресей қорғаныс министрлігі Донецк облысындағы Урожайное ауылын бақылауға алғанын хабарлады. Ведомстводағылар қазір елдімекенде «тазалау және минадан тазарту» жұмыстары жүргізіліп жатқанын түсіндірді. Бұған қоса, Ресей Қорғаныс министрлігі Водяное, Пречистовка, Великая Новоселька және Макаровка аудандарында украиналық әскерилердің жойылғаны туралы айтты.