Ресей Федерациясынан дезертир алты азамат Францияда уақытша виза алды. Бұл олардың саяси баспана туралы өтініші қаралғанша Францияда қалуға мүмкіндік береді. Алты дезертир Францияға бөлек және әртүрлі уақытта ұшса да, құқық қорғаушылар мұны Еуроодақ елдерінің дезертирлер тобын алғаш рет қабылдауы деп атайды.