Ресейдің Харьков маңындағы Буды ауылына шабуылы - екі адам қаза тапты, 23 адам жараланды. Ресей Харьков облысының Буды ауылындағы теміржол нысандары мен жылжымалы құрамға соққы берді. Шабуыл салдарынан Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметтің аймақтағы Харьков аудандық бөлімінің бастығы мен полиция аға сержанты қаза тапты.