АҚШ-тың Мәскеу биржасына қарсы санкциялары ресейлік кәсіпкерлердің сыртқы сауда қызметін қиындатқанымен, оны тоқтатқан жоқ. DW сұхбаттастарының көпшілігі аты-жөнін атамау шартымен серіктестермен төлемдердің көп бөлігін юаньға аударғандарын айтты. Логистикалық компаниялардың бірінің қызметкерінің айтуынша, Ресей Федерациясының Украинаға жаппай басып кіруінен кейін негізгі тауар айналымы Қытайға қайта бағытталды.