Ресей мен Украина соғыс тұтқындарын «90-нан 90-ға» формуласы бойынша алмасты. Бұл екі елдің билігі 25 маусымда хабарлады. Біріккен Араб Әмірліктері келіссөздер процесінде делдал болды.Украина президенті Владимир Зеленский Ұлттық гвардия, лаңкестікке қарсы қорғаныс және шекара қызметінің сарбаздары тұтқыннан оралғанын айтты.